• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2010

ГОНКОНГТІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН УАҒДАЛАСТЫҚ

559 рет
көрсетілді

26 мамырда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Yung’s Enterprіse Holdіngs компаниясының басқарма төрағасы Ларри Юнг бастаған гонконгтік инвесторлар делегациясын қабылдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан экономикасының түрлі салаларын­дағы бірлескен инвестициялық бастамалар мен нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқылан­ды. Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкі­ме­тінің гонконгтік инвесторларға өзара тиімділік негізінде қажетті қол­дау көрсетуге дайын екенін жет­кізді. Кездесу соңында тараптар Қа­зақ­стан мен Гонконг арасындағы екі­жақты қызметтестікті одан әрі да­мытуға деген сенімділіктерін білдірді.