• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 29 Қараша, 2022

Шымбұлақтағы шаңғы маусымы

408 рет
көрсетілді

Қыс хабары білінер тұста тау жұпарымен ты­­ныстап, шаңғы тебу үшін Алматыға ағы­ла­тын жұрттың қарасы қалыңдайды. Алатау бау­райының туристік әлеуетін танытып, қо­нақ­тарын құшақ жая қарсы алатын Шым­бұ­лақ кезекті рет қысқы маусымын ашты.

Көне шаһардың көркіне көзайым болып демалыс маусымын Шымбұлақпен байланыстыратын шетелдіктердің денін Ресей мен Қытай азаматтары құраса керек. Көршілес қос мемлекеттен кейін оң­түс­тіккореялықтардың үлес салмағы басым. Соңғы екі жылдың үлесіне кіретін бұл статистика әлемдегі күрделі геосаяси жағдайларға байланысты биыл мүлде өзгеруі мүмкін. Есесіне ішкі туризмнің тынысы кеңеймек. Туризм са­ласының сарапшылары, пандемия белең алғаннан бас­тап отандастарымыз өз елінің кө­рікті жерлерінде демалуға ден қойғандарын, осының әсерінен ішкі туризмнің арнасы кеңейгенін айтады.

Биылғы маусымда келу­шілер жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 20 шаңғы мен шана жолағын пайдалана алады. Жалпы, Шымбұлақ тау шаңғысы курортында ұзындығы 25 ша­қырым болатын әртүрлі қиын­шылықтағы 14 еңіс бар. Осы қыста Шымбұлақта Almaty Extreme Games және Happy Hour Camp фестивальдарын, сондай-ақ фристайл могул және фристайл акробатикасынан 2022/23 жыл­ғы әлем чемпионатының Гранд финалын өткізу жоспарлануда.

Шымбұлақ шатқалына айдындай тайғанақ мұз жолдарын жаны сүйетін шаң-ғышылар, шеберліктерімен таңғалдыратын сноубордшылар көптеп келеді. Себебі бұл жерде арнайы отыр­ғы­шы бар көтерме жолдармен теңіз деңгейінен 3163 метр биік­тіктегі Талғар асуына шығу мүмкіндігі бар. Мұн­дағы асу­дан түсетін жер өте тік бол­ғандықтан, кә­сіби шаң­ғы­шылар үшін арманға қанат бітіретін таптырмас орын. Ал еш жерде қай­та­ланбайтын атмосферадан қала тұрғындары ерекше рухани күш алатынын айтады. Жайлы климат, тө­беден төгілген күн шуағы, тұ­рақты қар жамылғысы Та­биғат-ананың таңғажайып сыйы. Табиғат аясында ты­ныстауға таптырмас орын ке­лушілерін үлкен шаңғы трас­­сасымен тәнті етеді. Бір ға­жабы, Шым­бұ­­лақтағы қа­лың қар қабаты жел­тоқсаннан сәуір айына дейін ерімейді.

 

АЛМАТЫ