Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Orano S.A» компаниясы Директорлар кеңеcінің төрағасы Клод Имовенді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында атом өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстанда атқарып жатқан жұмысының қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспары таныстырылды. Клод Имовен KATCO бірлескен кәсіпорны Қазақстанда бір жылда өндірілетін уранның 15 пайызын және әлемдік өндірістің 7 пайызын өндіретінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Эммануэль Макронмен келіссөз барысында Қазақстан мен Франция арасындағы уран саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын жеткізді.