• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Желтоқсан, 2022

Мамандық таңдаудың маңызы

878 рет
көрсетілді

Жасөспірімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттау – қоғамдағы маңызды мәселе. Мегаполис жастарын жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуға ынтасын ояту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

Білім мен білігі ұштасқан, озық технологияны еркін мең­герген жастар – ел ертеңі. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Алматы жас­тары» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қоры осы бағытты нысанаға ала отырып, арнайы семинар-тренинг өткізді.

Жастардың жаһандану үрді­сіне ілесе алмауы, уақытын бос дүниелерге жұмсауы, еңбек- ақы­ның аз болуы, ата-анамен арадағы сыйластықтың азаюы құлықсыз жастардың қата­рын молайтқан. Алматы әкім­дігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың екінші тоқсанында қалада тұрақты жұмысы жоқ жастардың үлесі 5,8 пайызды құраған. Олардың бәрі жұмыс жоқтықтан сенделіп жүр деуге ауыз бармайды.

«Жастар – қоғамның қозғау­шы күші. Болашақ білімді, бәсе­кеге қабілетті ұрпақтың қолын­да. Мағжан сенген, ел сенген жастар қандай болу керек? Осы мәселені шешу үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында, колледжер мен әскери оқу орындарында психолог ма­ман­дардың қатысуымен семинар-тренингтер өткіздік. Семи­нарда жасөспірімдерді дұрыс мамандық таңдауға бағыт­тап, кейін сол сала бойынша білікті маман ретінде қызмет етуге шақырдық», дейді «Social project mаnаgement» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешім­дердің бірі. Сол шешімді дұрыс таңдауларына жол көрсе­ту мақ­са­тында өткен кезде­су­ге жас­тар белсенді қаты­сып, кө­кей­лерінде жүрген сұрақ­тарына жауап алды. Еліміздің еңбек нары­ғын дамыту жастар­ға көңіл бөлуден бас­талады. Кездесуде мамандық таңдаудың маңызды тетіктері сараланып, кәсіби мамандар бағыт-бағдар берді. Семинарға қатысқан студенттер болашақта өздері таңдаған  сала бойынша жемісті еңбек ететіндерін тілге тиек етті.

«Жобаның басты мақсаты – жастардың жаhандану үрдісіне ілесіп, уақытын пайдалы істерге арнауға дағдыландыру», дейді семинарды ұйымдастырушылар. Ел ертеңін еңбекке бейімдеуге бағытталған іс-шарада жастарды мемлекеттік бағдарламаларға тарту, кәсіби қабілеттерін арттыру, бизнес бастауға баулу, үкімет тарапынан берілетін гранттар туралы ауқымды ақпарат ұсыну мәселелері қамтылды.

        

АЛМАТЫ