• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Желтоқсан, 2022

Жас саясаткер мектебі

590 рет
көрсетілді

«Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясында Жас саясаткер мектебі ашылды. Бағдарлама қатысушыларының алдында сөз сөйлеген партия хатшысы Дәулет Кәрібек жо­ба жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Әрбір жас азамат мемлекет ісіне, ел ісіне араласуы керек. Мемлекет басшысы айтып өткендей, жас қазақ­стандықтар үнемі жетіліп, жан-жақты дамып отыруға тиіс. Саяси жаңғыр­ту ісін жалғастыру және кәсіби мем­лекеттік басқаруды енгізу үшін тиісті кадрларды даярлау қажет. Жалпы, еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жастардың рөлін күшейту – «Amanat» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады», деді ол.

Қазақстанның барлық өңірінен конкурстық негізде 50 қатысушы іріктелді. Олар 5 күндік белсенді оқыту курсынан өтеді. Бұл – көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер.

«Оқыту блогынан бөлек, бағдарламада белгілі саясат және қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен, Парламент депутаттарымен кездесулер қарастырылған. Қатысушылар ел дамуына ерекше үлес қосуға ұмтылады. Іріктелген 50 адам мансабын жоғарылатуға және әділетті Қазақстан құруға жол ашатын өз дағдысын, білімі мен құзыретін дамыта алатынына сенімдімін», деді партияның Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитанов.