• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Желтоқсан, 2022

«Астана» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

154 рет
көрсетілді

«Астана» футбол командасының спорт директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған. 2005 жылға дейін «Химик», «Астана», «Жеңіс», «Ақмола», «Екібастұздық-БК», «Есіл», «Оқжетпес» командаларында ойнаған.