«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.
Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.
2022 жылдың тамызынан бері Түркістан облысының әкімі. Бүгін ол қайта тағайындалды.