Өткен тәулікте 162 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 1 205 адам коронавирус инфекциясынан (–1 023+ және 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 172 пациент стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.