Орал қаласында Ұлттық жол активтері сапасы орталығы облыстық филиалының директоры Зауырбек Қыпшақбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ деректері бойынша Қыпшақбаев екі миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Істің егжей-тегжейі жария етілмейді. Тергеумен БҚО ҰҚКД қызметкерлері айналысып жатыр.
Айта кетсек, Зауырбек Қыпшақбаев бұл қызметке өткен жылы тағайындалған еді.