• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Желтоқсан, 2022

Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері белгіленді

883 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 желтоқсанда қол қойған «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң ең төменгі жалақы мөлшерін, АЕК және басқа да есептік көрсеткіштерді белгілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 24 341 теңге; зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге; айлық есептік көрсеткіш - 3450 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 40 567 теңге мөлшерінде белгіленді.

Сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 10,5%-ға арттыруды ескере отырып көзделгені анықталды.

Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3739 теңгені құрайды.