• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық теннисшілер БАӘ-де жаңа маусымға дайындалады

281 рет
көрсетілді

5-25 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) теннистен Қазақстанның ерлер мен әйелдер командаларының, сондай-ақ Team Kazakhstan академиясының жетекші жас ойыншыларының жаттығу жиындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынның басты мақсаты - алдағы 2023 жылғы теннис маусымына дайындық жасау. Оқу-жаттығу жиынына Елена Рыбакина, Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Бейбіт Жукаев, Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Арсланбек Айтқұлов және Ислам Орынбасар қатысады.

Жиынды Ұлттық командалардың капитандары Юрий Щукин мен Ярослава Шведова өткізеді. Дайындық кезеңінен кейін ойыншылар турнирлерге қатысу үшін Австралияға барады. Олардың кейбіреулері жаңа United Cup командалық жарысында, басқалары Аделаида мен Хобарттағы WTA 500/ATP 250 сериялы турнирлерде ойнайды.

Қорытынды ойын «Үлкен Дулыға» сериясының бірінші турнирі - Australian Open финалы болады.