• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Желтоқсан, 2022

Биыл Қазақстанда 113 мыңнан аса хирургиялық операция жасалған

487 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасында бірегей хирургиялық көмектің жетістіктері туралы А.Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов  баяндама жасады. Ол ҰҒХО-да қолданылатын бірқатар бірегей тәжірибелерін бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

«Біздің орталықта бауыр обырын емдеу тәсілдері әлемдік деңгейге қойылды. Миниинвазивті бауыр операциялары диагноз қойылғаннан бастап бауыр трансплантациясына дейінгі көмекті қамтиды. 2017 жылы Қазақстанда және ТМД елдерінде алғаш рет Сызғанов атындағы хирургия орталығында бауыр эхинококкозын емдеудің жаңа тері-бауыр әдісі енгізілді. Бауырға миниинвазивті операциялар бүкіл Орта Азияда тек біздің мемлекетте, соның ішінде хирургия орталығында ғана  жасалады», деп атап өтті еліміздің жетекші хирургі.

Клиникада онкологиялық аурулар кезінде миниинвазивті технологияларды және одан әрі өңеш пластикасын қолдана отырып, өңешке күрделі операциялар жасалады. Бұл операция Сызғанов атындағы клиникада да сәтті жүргізіліп, көптеген пациенттерге өмір сапасы мен денсаулық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді екен.

Айта кетейік, орталық 2011 жылдан бастап ересектерде де, балаларда да бауыр трансплантациясын сәтті жүргізіп келеді.