Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны айтылды.
Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмысына барлығы 484 адам жұмылдырылды.