Астанада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-не сілтеме жасап.
«Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.