• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2022

Түркістанда 200-дей үй жылусыз қалды

417 рет
көрсетілді

Түркістан қаласында газ құбырынан ақау шығып, 200-ге жуық абонент жылусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан қаласындағы Шауғар секторы «Ремзавод» мөлтек ауданы аймағындағы 7 көшеде газдың қысымы төмендеп кеткен. Соның салдары – қыс мезгілінде екі жүзге жуық үй жылусыз қалып отыр.

Мамандардың айтуынша, диаметрі 110 мм газ құбырында кептеліс пайда болған. Бұл мәселені шешу мақсатында мердігер мекеме мен әкімдік аталған мөлтек аудандағы газ құбырын орта қысымды екінші газ құбырына қосып, біріктіру туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда, қажетті жабдықтар алынып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Жалпы, қазіргі таңда Түркістан қаласына сағатына 80 000 текше метр табиғи газ келіп тұр. Қыс мезгіліне байланысты жеке абоненттер мен мекемелердің газ тұтыну көлемі көбейгендіктен, қалада газдың қысымы төмендегені байқалды. Қалыптасқан жағдайға байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысы өндірістік филиалы және Түркістан қаласы әкімдігі бірлесіп, газ қысымын ұлғайту туралы келісімге келіп, нәтижесінде тұрғындардың табиғи газға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, АГТС-15-тен газ көлемі ұлғайтылды», делінген қалалық әкімдік тарапынан таратылған ақпаратта.