«Денсаулық» ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы менеджмент университеті қаланың жоғары оқу орындарының жастары арасында темекі шегу мәселесі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.
«Зерттеу көрсеткендей, студенттердің көпшілігі темекі шегудің зияны туралы хабардар болғанына қарамастан, жаман әдеттен бас тартпайды және зиянды азайтуға тырыспайды. Темекіден болатын зиянды азайту тұжырымдамасы темекі шегуден бас тартқысы келмейтіндер үшін шешім ұсынғанымен, жастардың төрттен бірі бұл тәсіл туралы білмейді, ал көпшілігі бұл ақпаратты білсе де қолданбайды», деді «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра.
Зерттеу әлеуметтанушылық сауалдама әдісімен жүргізілді. Сауалдамада респонденттердің жасы, темекі шегудің қарқындылығы, темекі шегудің зияны туралы хабардар болу, темекіні пайдаланудың таңдаулы әдістері, қауіп факторлары және зиянды азайту тәсілдері туралы хабардар болу туралы сұрақтар болды.
Зерттеуге AlmaU университеті 1-курс студенттерінің 28-і жұмыс тобына сауалдама жүргізген ерікті интервьюерлер ретінде тартылды. Жобаның далалық іс-шаралары 2022 жылдың 10 қазанынан 10 қарашасына дейін өткізілді. Зерттеу барысында Алматының 15 ірі ЖОО студенттерінен сұхбат алынды. 18-21 және одан жоғары жастағы 910 респондент, 664 ер адам және 246 әйелден сұхбат алынды. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлардың қатарына темекі шегу (55%), алкогольді тұтыну (45%), қозғалыссыз өмір салты (39%), теңгерімсіз тамақтану (29%) және артық салмақ (37%) жатады.
Респонденттердің зиянды өнім құны қымбатырақ, арзанырақ немесе зияны аз өніммен бірдей болуы керек пе деген пікірі келесідей бөлінді: зияны аз өнім қымбатырақ болсын деп респонденттердің 29%-ы пікір білдірді. Керісінше, 38%-ы зияны аз өнімдер зиянды өнімдерден арзан болуға тиіс деген пікірде болды. Сонымен бірге сауалдамаға қатысқандардың 50%-ы өнімнің қаптамасына зиянының аздығы туралы ақпаратты орналастыруды ұсынды, 37%-ы мұндай ақпаратқа қарсы болды. Респонденттердің 18%-ы шылымды күнделікті реттен көп шегетін тұрақты шылымқор екенін мойындады. Тағы 32%-ы өздерін күніне 6 реттен аз шегетін тұрақсыз темекі шегушілер деп санайды. Сауалдамаға қатысқандардың 25%-ы дәстүрлі темекі шегеді және вейптер мен стиктерді пайдаланады, ал тағы 25%-ы тек вейптер мен стиктерді пайда- ланады.
«Акциздердің жыл сайынғы өсуі және темекі өнімдеріне бағаның көтерілуі темекі шегумен күресудің жеткілікті тиімді құралы болып саналмайды. Сауалдамаға қатысқандардың 43%-ы темекі өнімдерін тұтынуды өзгертпегенін, ал тағы 17%-ы арзан темекіге ауысқанын, бірақ темекіні пайдалануды тоқтатпағанын айтады. Бұл никотинді жеткізудің балама жүйелерінің ресми өндірушілері оларды 21 жастан асқан адамдарға қатаң түрде сатады. 2018 жылғы зерттеумен салыстырғанда, бұл сандар бірдей болып қалады – сол уақытта 41%-ы темекі шегуді жалғастырамыз деп мәлімдеді, ал 10%-ы арзан темекіге ауысты. Содан бері акциздер бірнеше рет көтеріліп, темекі қорабының ең төменгі бағасы 340 теңгеден 570 теңгеге дейін 1,7 есе өсті», деп атап өтті Гинтаутас-Юозас Кентра.
Сауалдамаға қатысқандардың 70%-ы темекі шегуден болатын зиянды азайту жолдары туралы білмейді немесе бұл ақпаратты пайдаланбайды. Бұл ретте, 31%-ы стиктер мен вейптерге ауысуға дайын, 33%-ы стик пен вейпке ауысса да, бірақ темекі шегуді тоқтатпауға дайын. Ал респонденттердің 36%-ы стиктер мен вейпке ауысуды саналы түрде қарастырмайды.
Неліктен респонденттер темекіні пайдаланудың балама әдістерін қолдану үшін дәстүрлі темекі шегуден бас тартуды жоспарламайды деген сұраққа жауаптар келесідей болып бөлінді: 61% – әдеттерді өзгерткісі келмейді, 39% – стиктер мен вейптер дәстүрлі темекіге қарағанда қымбат, 30% – бір реттік вейптердің күмәнді сапасына алаңдайды, ал тағы 25%-ы белгісіз құраммен жалған затты сатып алудан қорқады.
Сауалдамаға қатысқандардың 29%-ы темекіні пайдаланудың барлық тәсілі темекі шегушілерге де, айналасындағыларға да бірдей зиянды деп санайды.