• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда зейнеткердің үсіп көз жұмғаны рас па?

206 рет
көрсетілді

Мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда пәтерлердің бірінде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаның жалған екені анықталды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі, шынымен де, үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.Рavlodarnews.kz сайты Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлама жедел жәрдем станциясына сағат 17:32-де түскенін жазған.

- Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады, - деп жазылған хабарламада.

Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін атап өтті.