• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2022

Жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік жарна көлемі өседі

283 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жазатайым оқиғаларға қатысты жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету жоспарлары туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бұдан басқа, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруды жүзеге асыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету көзделген. Ставкалар ең төменгі және ең жоғары мәндерге ие болып, бұл мәндерді таңдау өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың деңгейіне байланысты болады», деп түсіндірді Тамара Дүйсенова Үкімет сағаты барысында.

Оның айтуынша, ставкаларды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен арттырумен қатар жүзеге асырылады.

«Келесі жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес МӘСҚ-дан 6 айға дейінгі бұрынғы табысының 45% мөлшерінде төлемдер қарастырылған», деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.