• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Желтоқсан, 2022

ӘЧ: Марокко құрамасы Испанияны жеңді

299 рет
көрсетілді

Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Марокко мен Испания құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ойынның негізгі уақытында қос команда да гол соға алмады. Овертаймда да есеп ашылмады. Сондықтан жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл жолы Марокко құрамасы футболшыларының жолы болды. Осылайша, Марокко құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты.