• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2022

Оқу ордасының белесі

320 рет
көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдығына арналған іс-шаралар Студенттер сарайында қорытындыланды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, өзге өңірлерден келген бірқатар жоғары оқу орындары жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында байырғы білім ордасының ел дамуына елеулі үлес қосқаны айтылды.

Кеш басында салтанатты жиынға келген­дер университет тарихын тарата көрсет­кен бейнероликтен оқу орнының бұрынғы һәм бүгінгі тынысымен таныс­ты.

– Оқу орны білім, ғылым ордасы ғана емес, Сыр өңіріндегі рухани-мәде­ни орталыққа айналғанын көріп отырмыз. Тарихы терең қарашаңырақ  биылғы оқу жылында университеттер арасында жүргізілген ең жоғары рей­тинг «Asian University Rankings – 2023» қорытындысы бойынша әлемнің 23 елінен қатысқан 760 университет ішінен үздіктер қатарына енді. Айрықша айта кетер тағы бір жаңа­лық, Корея мен Қазақстан арасын­дағы жоғары білім саласындағы екіжақ­ты ынтымақтастықты ілгерілету аясында Қорқыт ата университеті мен Сеул ұлттық ғылым және технология­лар университетінің информатика және инжиниринг департаменті бірлесіп, «Жасанды интеллект және информатиканың жаңа мектебі және бизнес-инкубациялық орталығын құру» жобасын әзірледі. Бұл жоба еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар университет академиялық артық­шылықтар орталықтары ашылатын 20 өңірлік жоғары оқу орындары қатарына кірді, – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрым­бет Сақтағанов батыл бастамалар мен тың ізденістер арқылы университет отандық жетекші оқу орындары арасында лайықты орын алып отырғанын атап өтті.

Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жағынан аз қам­тыл­ған отбасылар балаларын оқыту үшін білім гранттары бөлініп отыр. Университеттегі жас ғалымдардың архе­о­логиялық, аграрлық саладағы жоба­­ла­ры үнемі қолдау тауып келеді. Заман ағымына ілесе білген оқу орнында жаңа мамандықтарды оқытып, кадрлар даярлаудың мүмкіндігі мол. Алда бюджет есебінен экономика салалары бойынша мамандықтар санын көбейту жоспарланып отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова іргесі қаланғалы бері бірегей білім ордасында 80 мыңға жуық маман даярланғанын жеткізді. Өңір экономикасы салаларын­дағы мамандардың 80 пайызға жуығы осы қарашаңырақтан түлеп ұшқандар. Салтанатты жиын «Таным тұмары» атты театрландырылған қойылымға ұласып, ұстаздар мен ғалымдарға құрмет көрсетілді.

ҚЫЗЫЛОРДА