8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының кокс өндірісінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Компанияда атап өткендей, арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда.
«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының кокс өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 3 қарашада Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, кейін тоннельде өрт шыққан. Оқиға кезінде кәсіпорынның 106 қызметкері жер астында болса, оның 101-і қауіпсіз жерге көшірілді. Қуатты жарылыс салдарынан бес металлург қаза тауып, тағы төртеуі шұғыл ауруханаға жатқызылды.