12 желтоқсанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», делінген хабарламада.