«Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды. Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтеді», деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Бішкекке жұмыс сапарымен барды.