8 желтоқсан кешкі уақытта Самара-Шымкент автожолында Toyota Camry 30 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. «Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалары тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.