Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық шектеулердің ұйымға мүше елдердің экономикасына әсері жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек», деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Президент жұмыс сапарымен Бішкекке барды. Онда ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысып жатыр.