• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2022

Түркістан облысында үйінде 10 келі есірткі сақтаған тұрғын анықталды

422 рет
көрсетілді

Түркістан облысында үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Түркістан облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. Оның үйін тінту кезінде полицейлер есірткі затына ұқсайтын үш полиэтилен пакет тәркіледі.

Тексеру кезінде күдікті есірткіні Келес өңіріндегі досынан алғаны белгілі болды. Алынған мәлімет бойынша, тергеушілер дереу шара қолданды. Келес ауданы тұрғынының үйінде одан әрі іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің үйінінен ішінде есірткі заты бар бес полиэтилен пакетін тапты. Алынған заттай дәлелдеме сараптамаға жіберілді.

Есірткі жалпы салмағы шамамен 10 келі болатын марихуана болып шықты. Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.