• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Желтоқсан, 2022

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды

532 рет
көрсетілді

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Ханой Годамен (Египет) жұптастырылған аралас жұпта әлем чемпионы (15 жас аралығында) атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалдық кездесуде Тиаго Абиодана мен Мария Берзоса (Португалия/Испания) қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы Эльмира Алиева), Хана Года (жаттықтырушы Исмаил Хишам) жапониялық қарсыластары Такуми Танимото/Рин Мендені 3:2 есебімен ұтты.

Алан Құрманғалиев Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.