• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2022

Екібастұз: апат кезінде бүлінген пәтерлерді жөндеп береді

278 рет
көрсетілді

Екібастұздың жылу жүйесіндегі апаттан зардап шеккен пәтерлерді жөндеу, реттеу жұмыстары үшін «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» (ОАЭК) АҚ дүйсенбіден бастап арнайы бригадаларды жұмылдырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде жарылған үйішілік құбырлар мен регистрлерден ыстық су атқылап, жүзден астам пәтер қатты бүлінген еді.

«ОАЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Леонид Янушконың айтуынша, 12 желтоқсаннан бастап кәсіпорыннан жалпы саны 70 адам бүлінген пәтерлерді жөндеуге шығады.

«Аязда қатып, кейін жылу қоса бастағанда жарылған батареялар мен пәтераралық құбырлардан аққан ыстық су пәтерлердің тұсқағаздарын, едені мен төбесін, тұрмыстық техникаларын, жиһаздарын бүлдірген. Біз ең әуелі жөндеуді қажет етіп тұрған 50 пәтерге жөндеу жүргізіп бермекпіз. Апат кезінде суықтан әбден титықтап қалған адамдардың жайлы өмір сүруін назарымызда ұстап отырмыз. Дүйсенбіден бастап біздің бригадаларымыз пәтерлерге кіре бастайды. Ал төтенше жағдай уақытында зақымданған өзге пәтерлердің шығындары қазір есептеліп жатыр. Барлығы есепке алынып, қорытындыланған соң пәтер иелерімен шығынның орнын толтыру бойынша есеп айырысамыз», деп атап өтті Л.Янушко.