Ақтауда суретшілер, фотографтар және digital-дизайнерлердің арасында «ЭГО-дан ЭКО-ға» тақырыбында республикалық байқау өтті.
Халықаралық фотографтар, суретшілер, дизайнерлер, street-art суретшілердің назарын аймақтың экологиясына аударту, Каспий теңізінің биологиялық экожүйесін сақтау және қалпына келтіру, биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатындағы байқауға үміткерлер жұмыстарын қабылдау биыл күзде басталған болатын. Байқауға ынта білдірушілер аз болған жоқ, еліміздің әр түкпірінен 7 мен 65 жас аралығындағы суретшілер мен фотографтардан, digital-дизайнерлерден үш аталым бойынша 150-ден астам жұмыс келіп түсті. Маңғыстаудың экологиялық мәселелерін сипаттайтын шығармаларды сарапқа салуда халықаралық деңгейдегі шетелдік мамандарға сенім жүктеліп, олар 20 үздік жұмысты таңдап, жеңімпаздарға арнайы марапаттарды табыстады.
Маңғыстау экологиясы, Каспий теңізінің ахуалы – бүгінгі күн тәртібінде тұрған алаңдатарлық мәселе. Бұл жағдай суретшілерді де бейжай қалдырмайды екен, оны әр алуан еңбектердегі жан ауыртарлық суреттер дәлелдей түсті.
Маңғыстау облысы