• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Желтоқсан, 2022

Елордада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

318 рет
көрсетілді

Полицияға «Elorda Eco System» ЖШС-ден белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған факті бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүрген. Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктілер кінәсін мойындады.