Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері есеп береді», деп жазылған хабарламада.