АСТАНА. 5 маусым. Қазақстан азаматтарына Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптес елдерге барып, жаңа жұмыс орындарын табуға қолайлы жағдай туып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сенат депутаты Владимир Бобров осылай деді. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
«Интеграциялық үрдістер» тақырыбы әңгіме арқауына айналған басқосуда Владимир Бобров дүниежүзінде экономикалық бірлестіктер өз басымдықтарын дәлелдеп отырғанын айта келе: «Еуразиялық экономикалық одақ әлеуметтік тұрғыдан қазақстандықтарға әлеуметтік пакеттерді біртіндеп теңестіруге, білім және медициналық қызметтерді шектеусіз алуға, тек Қазақстанда ғана емес, мүше-мемлекеттердің кез-келгенінен жаңа жұмыс орындарын табуға мүмкіндіктері беріп отыр», – деді.
Оның айтуынша, Қазақстанның әрбір азаматы әріптес мемлекеттердің аумағында кәсіпкерлік үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді пайдалана алады. Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың пайдасына күмән жоқ.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: ortcom.kz.
Фото: Minplan.kz.