• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 12 Желтоқсан, 2022

Көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ - Мемлекет басшысы

197 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Келесі – баға белгілеу мәселесі. Бұл мәселе бойынша бірнеше талқылау болды. Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін негізгі бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды.

Бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Сол себепті, олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді», деді Президент.

Президенттің айтуынша, бағаны тұрақтандырудың шешімі – қойма инфрақұрылымын жасау. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр.

«Былтыр 83 мың тонна немесе 77 пайыз өнім сақтайтын қойма салу көзделген еді. Алайда жоспар 64 мың тоннаға ғана орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек», деп қосты Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет екенін айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс