Жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014 жылдың 6 маусымы мен 26 шілдесі аралығында №61/62 «Алматы-2-Арыс» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызын жүргізбек.
Аталмыш пойыз аптасына бір рет, жұма күндері Алматы-2 стансасынан Арысқа, сенбі күндері Арыстан Алматы-2 стансасынан қатынайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіндегі өзгерістер, қосымша вагондардың, құрамдар мен жаңа бағыттардың енгізілуі, стансаларға келу және аттану жайлы барлық ақпаратты www.temirzholy.kz сайтынан, теміржол кассалары мен вокзалдардың ақпараттық қызметтерінен алуға болады.
«Егемен-ақпарат».