• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Желтоқсан, 2022

Әлихан Смайылов министрлерге ескерту жасады

208 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге 2023 жылы кезігетін жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге дайын болу керектігін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл біз күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болдық. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеп соқты. 2023 жылы бізді жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұр. Сондықтан біз Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек. Сондай-ақ форс-мажор жағдайларға барынша тез әрекет етуіміз қажет. Әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100%-ке орындалуына кепілдік беруі тиіс. Ал әрбір әкім жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің сапалы шешілуін қамтамасыз етуі керек», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы цифрлық жобалық офис аясында барлық бағдарламаның жобалары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тұрақты түрде бақылап отырады. Мерзімінде орындалмаса немесе орындалу сапасы нашар болса, дереу кадрлық шешімдер қабылданады.