Елордада митинг ұйымдастырған Марат Әбиев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында хабарланған, деп жазады Egemen.kz.
«12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Марат Әбиев 26 қараша күні елордада рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, оның үстінен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңнамасын бұзу және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбау бойынша екі хаттама толтырылған.