• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Кино 14 Желтоқсан, 2022

«Аватар: Су жолы» ертеңнен бастап қазақша көрсетіледі

1094 рет
көрсетілді

Қалың көрерменнің ықыласына бөленген «Аватар. Су жолы» фильмін енді қазақша дубляжбен тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.

Осыған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Аватар. Су жолы» фильмі қазақ тілінде үлкен экраннан көрсетілетінін, жыл соңында қалың көрерменге жол тартатынын айтқан.

«Біз фильмдерді дубляждау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сіздер білесіздер, «Аватар» және «Қара пантера: Ваканда жасасын!» фильмдері қазақ тіліне дубляждалды. Ал жыл соңына дейін «Аватар. Су жолы» фильмі аударылып қазақ тіліне дыбысталатын болады. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін жыл сайын 300 дубляж актері еңбек етуде. Бүгінде қазақ тілі дубляждағы екінші түркі тілі ретінде дараланып, Blu-Ray-да көруге болатын Голливуд фильмдерінің негізгі жеті тіліне енді», деп атап өткен болатын.

Айта кетейік, арадан көп уақыт өтпей аталған фильм  үлкен экрандарда қазақша сөйлей бастады. Киносүйер қауым 15 желтоқсаннан бастап «Аватар. Су жолы» фильмін еліміздің барлық кинотеарларынан тамашалай алады.