Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы петерборлық клубпен «2,5+1» жүйесі бойынша келісімге отырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұралы Әліп 1999 жылы 22 желтоқсанда Ақтауда өмірге келген. Сегіз жасынан бастап жергілікті «Каспий» академиясында футболмен айналыса бастаған.
2015 жылы «Қайрат» академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң алматылық клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы «Қайрат» сапында жалпы есебі 99 матч өткізген. Командамен бірге Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, ел кубогін екі рет еншілеген. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 22 матчта алаңға шыққан.