Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдарына 132 жаңа автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдап жатыр.
Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы автокөлік сатып алынды.
Өңірлерде автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына деген сын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.