Мәдениет министрлігі Тіл комитеті мен еліміз Жас кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихын көпшілікке жеткізу және түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіру мақсатында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» шарасы Түркістан қаласында жалғасты. Басқосуға еліміздің барлық аймағынан 20-дан астам түрколог ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және жас ғалымдар қатысты.
Шара аясында «Байырғы түрік бітіг жазуы – ұлт идеясының мәңгілік өзегі» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, Түркология ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұл басқосуда еліміздің түкпір-түкпіріндегі түркі жазбасын зерттеуші ғалымдарды қатыстыру арқылы зерттеу бағыттарындағы күрделі мәселелерді бірігіп шешудің жолдарын қарастыру, жас ғалымдардың түркі жазбаларын зерттеуге деген құлшыныстарын арттыру шаралары қамтылды.
«Егемен-ақпарат».