• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2022

Сенаторлар еліміздің зергерлік өнеркәсібін дамыту шараларын ұсынды

291 рет
көрсетілді

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев қазақстандық зергерлердің жұмысын қиындатып отырған кедергілер туралы еліміздің Премьер-Министріне жолдаған сауалында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан алтын өндіру бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына кіреді. Бірақ зергерлік отандық өндіріске алтынның негізгі жеткізушілері – ломбардтар мен көлеңкелі нарық қатысушылары екенін айтты.

«Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы елдің зергерлік бұйымдар нарығы $ 76 млн құрады, оның тек $ 4  млн, яғни 5%-ы ғана отандық зергерлік бұйымдар өндірушілері өндірген. Қазақстан зергерлер лигасының бағалауы бойынша зергерлік бұйымдар нарығы 90% контрафактілік және контрабандалық бұйымдардан тұрады», деді Ғұмар Дүйсембаев.

Сенатор еліміздің зергерлік өнеркәсібін дамытуға, яғни жаңа жұмыс орындарын ашуға және бюджет түсімдерінің өсуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

«Осы орайда жұмысты көлеңкелі импортқа қарсы күресті күшейту және контрабанданы шектеу, қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шараларын енгізу арқылы қазақстандық зергерлік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ломбардтардың пайдалануда болған зергерлік бұйымдарды тек қана ішкі нарыққа өткізуін міндеттеу, отандық зергерлердің құзыретін күшейтуді ұсынамын», деді депутат.