• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Желтоқсан, 2022

Ақылбек Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

402 рет
көрсетілді

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Ақылбек Жапаров екі ел үкіметтерінің экономиканы дамыту және бауырлас Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының әл-ауқатын арттыру үшін одан әрі өзара іс-қимылының маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов барлық өзара тиімді бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыру қажеттігін айтты.