16 желтоқсан күні Қызылорда-Жалағаш тасжолының Сырдария ауданы аумағында «Мазда-626» автокөлігі түйені қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.