Twitter иесі Илон Маск жетекші америкалық БАҚ-та жұмыс істейтін бірқатар журналистң аккаунттарын блоктан шығаруға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісінде жазды.
Ол мұндай шешімді сауалнама нәтижелерінен кейін қабылдаған.
Желі қолданушылардың басым бөлігі санкциялардың тез арада тоқтатылуын қолдаған.
Бұған дейін Twitter «Америка дауысы», CNN, New York Times және Washington Post журналистерінің, сондай-ақ тәуелсіз бірқатар журналистердің аккаунттарын бұғаттаған болатын.