Өткен тәулікте 182 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 2 162 адам коронавирус инфекциясынан (–2 061+ және 101 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
17 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.