Бүгін Қарағанды қаласының ЖЭО-1 ауданындағы жылу желілерінде ірі апат орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламада жүк көлігі диаметрі 1000 мм құрайтын порталға соғылғаны айтылған.
Төтенше жағдай туралы ақпаратты «Теплотранзит» диспетчерлік қызметі де растады.
Айта кетейік, ЖЭО-1 қаланың орталық бөлігін жылытады.