• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2022

Биыл 18,4 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды

222 рет
көрсетілді

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 855 кәсіпорнында 19,7 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 670,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 865 нұсқама беріліп, 140,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді», делінген министрлік мәліметінде.