Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Hyundai автокөлігін басқарған 44 жастағы ер адам Кеген-Көкпек-Түп автожолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Mitsubishi-мен соқтығысқан.
Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ тағы екі зардап шеккен адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалардың тағайындалуымен ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Кеген АПБ бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.