• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2022

Шетелден қанша қаражат қайтарылды?

197 рет
көрсетілді

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Қазақстаннан шетелге шығарылған активтерді елге қайтару бойынша жүргізілген жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Арнайы комиссия жұмыс істеген уақыт ішінде мемлекетке 631 млрд теңге, оның ішінде қылмыстық қудалау шеңберінде 400 млн доллар қайтарылды», деді Тимур Тәшімбаев.

Спикердің айтуынша, олигополиялардың иелігінен 6,5 млрд теңгеден астам сомаға 398 мың га жер қайтарылған.

Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылықтары бойынша бұрын олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған 17 сот актісінің күшін жойды.

Бұл 600-ден астам кірме теміржол жолдарын қайтаруға, жол жүру тарифтерін төмендетуге, мемлекет мүдделерін 21,1 млрд теңгеге қорғауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ прокурордың заңсыз иеліктен шығарылған мемлекеттік меншік объектілерін қайтару туралы 6 талабы қанағаттандырылды.

Жалпы сомасы 13,7 млрд теңгеге тағы 20 наразылық пен талап-арыз қаралып жатыр.