Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек елдің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде қар жауады деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін солтүстік-батыс антициклон өз ықпалын сақтайды, тек елдің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен боран соғып, қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстікте, шығыста - боран, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында - тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте – көктайғақ күтіледі», делінген синоптиктердің хабарламасында.